Әлем • 27 Желтоқсан, 2023

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция ұйымдастырылып,  көпсалалы көрменнің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Фото: turkmenistan.gov.tm

басына

Форумға жергілікті Мәжіліс төрағасы, Халық мәслихатының жетекшісі, Үкімет  мүшелері, әскери және құқық қорғау  органдарының басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, студент жастар қатысты.

Халықаралық конференцияға  Әзербайжан, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан,  елінен келген делегация  һәм  ЕҚЫҰ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, сондай-ақ Халықаралық күрес қауымдастығы мен Халықаралық шахмат федерациясының өкілдері қатысты.

Ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Арқадағ» футбол клубының ұжымына Түркменстан Президентінің атынан автобус сыйға берілді. 2023  жылғы  маусымда  «Арқадағ» футбол клубы 22 ресми матчқа қатысып, барлығында  жеңіске  жетті.

Осы жылдың  қараша айында Түркменстанның Ашхабад қаласында кураштан әлем чемпионаты өткен болатын. Ерлер жеті салмақта, әйелдер сегіз салмақ дәрежесінде сынға түскен әлем чемпионатынан Түркменстан балуандары 5 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль олжалаған болатын. Кураштан әлем чемпионы атанған балуандар мен олардың бапкерлеріне  Түркменстан Президентінің атынан  автокөлік тарту етілді. 

соңына