Сенат • 12 Ақпан, 2024

Сенатта жайылымдық жерді пайлалану мәселесі қаралады

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізіп, 15 ақпанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Сенатта жайылымдық жерді пайлалану мәселесі қаралады

Фото: Н.Байбулин

Бейсенбіде сенаторлар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Ол жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді көздейді.

Атап айтқанда, депутаттар бастамашы болған заңда халықтың қажеттілігіне арналған жайылымдық жерлерді ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салатын нормалар қарастырылған.

Сонымен қатар Палата отырысында сенаторлардың «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметі туралы депутаттық сауалы бойынша Көлік министрі Марат Қарабаевтың ауызша жауабы тыңдалады.

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру стратегиялық міндет деп белгілеп бергенін еске салды Осыған байланысты Палата отырысында азаматтар мен кәсіпкерлер жиі көтеріп жүрген жолаушылар тасымалы, жүк тасымалы, тарифтік саясат және тағы басқа маңызды мәселелерге баса мән беріледі.