Аймақтар • 12 Ақпан, 2024

Алматы облысында тұралаған тұрғын үй мәселесі қаралды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев бірнеше құрылыс нысанын аралады. Қатарында 10 шағын ауданда құрылысы ұзаққа созылған 60 пәтерлі үш тұрғын үй бар. Көпқабатты үйлердің сыртқы және ішкі жұмыстары әлі аяқталмаған. Қаланың коммуналдық қызметі барлық инфрақұрылымды тартып қойса да, үй әлі күнге дейін желілерге қосылмаған, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында тұралаған тұрғын үй мәселесі қаралды

«Сіздер жұмысқа селқос қарамасаңыздар, жаңа жылда 180 отбасы баспаналы болар еді. Бекітілген мерзімнен 2 айға кешігіп жатырсыздар. Құрылыс бөлімі олқылықтардың орнын толтыру бағытында 5 хат жолдаған, енді  компанияны жауапсыз деп тану үшін сотқа берді. Ең бастысы, сіздер түсінулеріңіз керек, үй кезегінде тұрғандар пәтер кілтін асыға күтіп отыр. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, мүгедектер және басқа да әлеуметтік осал топтағы жандар бар», деген Нұрлан Құматаев «SHEBERBUILD» ЖШС-ін сынға алды.

Үй құрылысынан бөлек, аулаларды абаттандыру да басталмаған. Шаһар басшысы мердігер компаниямен бірге тапсырыс беруші тұрғын үй коммуналдық шаруашылық пен құрылыс бөлімі де жауапқа тартылатынын алға тартты.

«Сондай-ақ ол, «SHEBERBUILD» ЖШС Қонаевта құрылысы жүріп жатқан басқа нысандарда мердігер екенін атап өтті. Олардың да жұмысы мерзімінен кеш қалған. Сондықтан әкімдік компанияны жауапсыз деп тану үшін сотқа жүгінбек», дейді Қонаев қаласы әкімдігінің өкілдері.