Хирург Асқар Тұрарбеков аталған аппаратқа жоғары бағасын беріп отыр. Себебі бұл құрылғы науқастың ауруға шалдыққан дене мүшесін айқын көрсетіп, операцияның сәтті өтуіне ықпал еткен. Дәрігерлер операция кезінде, тіпті көздерінің ауырмағанын алға тартты.
Медициналық мекеменің директоры Айман Ракишеваның сөзінше, аппаратты сынақтан өткізу дұрыс таңдау жасалғанның нақты дәлелі болса керек. Сондай-ақ ол эндоскопияны ешқандай ауырсынусыз әрі қауіпсіз түрде жасауға мүмкіндік ашылғанын атап өтті.
Өз кезегінде хирург Абылай Сәкенов құрылғының негізгі функциялары сенсорлық экран арқылы жүретінін түсіндірді. Монитор науқастың дертке шалдыққан жерін дәл табуға көмектескен.
Қонаев қаласының дәрігерлері үшін бұл жабдық лапароскопияға арналған таптырмас құрылғы саналады. Мамандар Mindray HD-3-ті жалпы хирургияда ғана емес, сонымен қатар кеуде хирургиясы, урология, гинекология, ортопедия және басқа салаларда да қолдануға болатынын айтады.
Алматы облысы