Табиғат • 10 Ақпан, 2024

«Көктемнің белгісі іспетті». Қаңтарда бәйшешек бүр жарды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Сырдария-Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркіне» қарасты Боралдай филиалының ерекше қорғалатын табиғи аумағында бір ай бұрын бүр жарған бәйшешекті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков фотоға түсіріп алыпты. Бұл туралы syrdaria_turkestan инстаграм парақшасында  хабарланған екен, деп жазады Egemen.kz.

«Көктемнің белгісі іспетті». Қаңтарда бәйшешек бүр жарды

Фото: syrdaria_turkestan инстаграм

Мәліметке сәйкес, бәйшешектің бұл түрі – лапыздар тұқымдасына жатады. Қазақстанда сирек кездеседі. Оның өсетін жерлері –  Батыс Тянь-Шань тау етегі, Қаратау аласа тауы, Шу-Іле, Памир таулары. Кессельринг лапызы – сабағы жалғыз, биіктігі 6-10 см болатын көпжылдық өсімдік. Жапырақтары гүлімен бірге өседі, ал ені 1 см-ге дейін болады. Гүлдері – ақ, қоңырау тәріздес болып келеді. Негізінде наурыз-мамыр айлары аралығында гүлдейді.

Бәйшешек қаңтарда гүлдесе де үсімей, тіршілігін жалғастыра береді екен.