Қоғам • 09 Ақпан, 2024

Полицейлер жоғалған баланы жедел тапты

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше түнгі 21:30 шамасында Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ-нің кезекші бөліміне,  РФ ІІМ «Байқоңыр» кешеніндегі кезекші бөлімінде 4 -  сынып оқушысының үйден шығып, қайта оралмағаны жөнінде хабарланып, арыз тіркелген. Өкілдіктің жеке құрамы жедел түрде жұмылдырылып, РФ ІІБ, РФ Төтенше жағдайлар басқармасы,  Қармақшы аудандық білім бөлімінің бірлескен жоспарына сай іздестіру жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.

Полицейлер жоғалған баланы жедел тапты

Бұдан бөлек, бейнекамераларға мониторинг жүргізілді. Жедел шаралар нәтижесінде жоғалған бала аман - есен табылды. Өкілдіктің тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция лейтенанты Бекжан Ұлықбекұлы көпқабатты үйдің подъезінде ұйықтап отырған балақайдың үстінен түседі.

Дін аман табылған бала ата - анасына тапсырылды. Қазір полицейлер мән - жайларды анықтап жатыр.