ANTIKOR • 09 Ақпан, 2024

Атырау облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

1757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Фото: paryz.kz

«Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен облыс прокуратурасы «АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол тауарларды Қазақстан мен Ресей шекараларының шектескен учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде олардың заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді», делінген хабарламада.

Тергеу әлі де жалғасады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.