Аймақтар • 08 Ақпан, 2024

Боранды жел, қалың қар. 12 облыста республикалық маңызы бар 61 жол жабылды

1780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 ақпандағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 61-інде қозғалыстың барлық түріне шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Боранды жел, қалың қар. 12 облыста республикалық маңызы бар 61 жол жабылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Синоптиктер бүгін еліміздің басым бөлігінде боранды жел соғып, қар жауып тұрғанын мәлімдеді. Осыған байланысты автожолдарда алдағы жолды көру мөлшері төмендейді. 

«Қазавтожол» Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы 12 облыста 61 учаскеде жол жабылғанын хабарлады.

Ақмола облысында – 14 учаске

Ақтөбе облысында – 16 учаске

Атырау облысында – 2 учаске

Жамбыл облысында – 4 учаске

Жетісу облысында – 1 учаске

Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске

Қарағанды облысында – 3 учаске

Қостанай облысында – 10 учаске

Қызылорда облысында – 1 учаске

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске

Түркістан облысында – 1 учаске

Ұлытау облысында – 2 учаске