Қоғам • 08 Ақпан, 2024

Ірі мөлшерде қаржы жымқырған алаяқ ұсталды

2319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 ақпанда Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті М.К.Сүлейменов ұсталды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ірі мөлшерде қаржы жымқырған алаяқ ұсталды

Фото: turkystan.kz

«Бұған дейін 30 қаңтарда  Қызылорда қаласында оның тағы бір сыбайласы Р.Қ.Қаржауов анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, К.Сүлейменов 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиесін рәсімдеген. Олардың алаяқтық әрекеттерінен 231 адамға 2,9 млрд теңге залал келтірілген. Тергеу барысында 2022 жылдың мамыр айында Сүлейменов тергеуден бой тасалап, оған іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Сүлейменов Ақтау қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген ақпаратта.

Күдікті тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.