Спорт • 07 Ақпан, 2024

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық сайыстары бекітілді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Астана қаласында ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық сайыстары ресми түрде бекітілді. Туризм және спорт министрлігі аталған халықаралық жарыста спорттың 20 түрінен сайыстар өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық сайыстары бекітілді

Фото: Ontustik Qazaqstan сайты

Нақты атағанда, асық ату, ордо, арқан тартыс, бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қазақ күресі, алыш, кураш, ашыртмалы аба гюреши, ссирым, мас-рестлинг, Powerfull nomad (күштілердің сайысы), тоғызқұмалақ, мангала, овари, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, құсбегілік бойынша додалар өтпек.

Сондай-ақ 10 көрнекі спорт сайысынан жарыстар өткізу жоспарға алынған.

Салтанатты ашылу рәсімі «Астана Арена» стадионында өтеді.

Еске салсақ, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйек айының 8-14 күндері аралығында өтеді деп жоспарланған.