Қоғам • 02 Ақпан, 2024

Бүгін - Ұлттық басылым күні

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін – Ұлттық басылым күні. 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласынан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көріп, оқушы қауымға жол тартты.  Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz  ведомствоның баспасөз  қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін - Ұлттық басылым күні

aqparatqogam

«2023 жылы  Үкімет қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. 111 жыл бұрын 2 ақпан күні «Қазақ» газетінің бірінші нөмірі шықты. Оның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрды. «Қазақ» газетінде Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Халел Досмұхамедов және тағы басқа танымал қоғам қайраткерлері өз мақалаларын жариялады. Қазақ зиялылары құрған газет ұлттық жаңғырудың қайнар көзі болды. Сол себепті осы датаны Ұлттық басылым күні ретінде атап өтудің маңызы зор», деді министр.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025