Спорт • 30 Қаңтар, 2024

«Бағасы – 1 миллион доллар». Бір маусымда бірнеше автокөлік ұтқан әйгілі тұлпар сатылмақ

1242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Жалғызағаш ауылындағы атсейіс, әйгілі тұлпар Жұмыртұяқтың иесі жүйрігі сатылатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Бағасы – 1 миллион доллар». Бір маусымда бірнеше автокөлік ұтқан әйгілі тұлпар сатылмақ

Фото: ile-tany.kz

«TOP BAIGE» ютуб арнасына сұхбат берген шаруашылық жетекшісі Марат Ақылбайұлы көптің көзайымына айналған тұлпары Жұмыртұяққа көз тігушілердің көбейгенін айтты.

«Қолымызда қаншама жүйріктерді баптадық. Өзіңе жақын жылқы болады, соны сат деп қиылып сұрайтындар бар, бірақ бергің келмейді. Қырсық болғанда сатылмайды деген жүйрігің аяғын шауып алады, басқа да кедергіге ұшырайды. Жұмыртұяқты құнан кезінде 70, 100 мың АҚШ долларына сат деген адамдар болды. Қазір тіпті сұраушылардың қарасы артып кетті. Көбіне маған емес, атбегі Марлан Бектеновке хабарласады. Біз Жұмыртұяқты 1 миллион АҚШ долларына сатамыз дедік. Сондай бағаға аламын деген жан болса, жетектетіп жібереміз. Бұл жерде маңыздысы ақша емес, ең керемет сәті  - атыңның қара үзіп шығып, көмбеден дара келуі. Қиқуға қиқу қосқан алқалы топтың алдында жүйрігің мерейіңді асырып, мейманаңды тасытып алдымен келген сәттегі сезімді ештеңеге айырбастай алмайсың. Жұмыртұяқ біздің ғана емес, Жалғызағаш ауылының тұлпары саналады», деді Марат Ақылбайұлы.

Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00