Спорт • 30 Қаңтар, 2024

«Елдосқа ерекше көңіл бөлінді». Бас бапкер балуандардың бабын айтты

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2-4 ақпан күндері Францияның Париж қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Еліміздің құрамасы айтулы додаға аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елдосқа ерекше көңіл бөлінді». Бас бапкер балуандардың бабын айтты

Фото: olympic.kz

Ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов рейтингтік ұпай берілетін додаға балуандар тас-түйін әзір екенін айтты. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында бас бапкер әлем чемпионы, жазғы Олимпиада ойындарының күміс, қола жүлдегері Елдос Сметов Париждегі додаға жеке-дара әзірлік жүргізгенін мәлім етті.

Н.Сүлейменов Елдос Сметовке ерекше көңіл бөлініп, жеке бапкерімен бірге жаттығу өткізу үшін Ресейге барғанын айтты. Ұлттық құрама мүшелерімен бірге де соңғы жаттығу жиынын өткізген.

Париж жазғы Олимпиадасына жолдама рейтингтегі көрсеткішке қарай беріледі. Сондықтан да балуандар ұпай жинау үшін барын салатыны ақиқат. Парижде өтетін Grand Slam турнирінде  әлемнің таңдаулы спортшылары белдесуге түседі.

 

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025