Аймақтар • 23 Қаңтар, 2024

Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам жарақат алды

1403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам жарақат алды. Бұл туралы Алматы қаласында болған жер сілкінісіне қатысты ұйымдастырылған брифингте айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам жарақат алды

Фото: qaz365.kz

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 44 адамға жедел-жәрдем шақырылған. Оның ішінде 35 адам үйіне жіберіліп, 9 адам ауруханада ем алып жатыр.

Сейсмологтар Алматыда жақын күндері қатты жер сілкінісі болмайтынын айтады. Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер жөніндегі сейсмикалық жағдайды бағалау комиссиясының мәліметінше, зілзаланың болмау ықтималдығы – 70%.

Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеді. Алматы бойынша Жедел желі қызметі іске қосылды: 8 727 278 20 83, 8 727 278 20 84.