Қоғам • 22 Қаңтар, 2024

Мобильді қосымша дерек көзі болмақ

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразия ұлттық университетінің IT мамандары қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тегін цифрлық өнімдер жасап жатыр. «Қызықты ономастика» жаңа мобильді қосымшасы адам есімінің, географиялық нысандардың, жануарлар мен құстардың мағынасы мен шығу тегін білуге мүмкіндік береді, деп  жазады Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.    

Мобильді қосымша дерек көзі болмақ

Фото: gylym_jogary_bilim

«ЕҰУ IT мамандары қазақ тілінде «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасын әзірледі. Жаңа цифрлық өнім 800-ден астам жеке атауларды біріктіреді. Олар 100-ден астам семантикалық белгілер бойынша топтастырылған және бұл бағдарламаның басты артықшылығына айналды. Мобильді қосымшаны пайдаланушыларға сәбиіне есім таңдауға немесе өз есімінің мағынасын білу мүмкіндігі де ұсынылғаны» жазылған ақпаратта.