Қоғам • 19 Қаңтар, 2024

Тұрлыханов, Дайрабаев, тағы бірнеше адам Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылды

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақорданың баспасөз қызметі Ұлттық құрылтай мүшелерінің құрамы өзгергенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тұрлыханов, Дайрабаев, тағы бірнеше адам Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылды

Фото: parlam.kz

Ұлттық құрылтай мүшелерінің қатарына Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Қазақстан корейлері қауымдастығының төрағасы Юрий Шин, Қазақстан Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова, параволейболшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының жетекшісі Лугмар Буларов, тележүргізуші, «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің журналисі Кристина Гринько қосылды.

Сонымен бірге бірқатар облыстың қоғамдық кеңес мүшелері де жаңа құрамды толықтырды.

Ал алдыңғы құрамнан «​Б.Әлтеев, Ә.Төләмісов, Ғ.Қанай, С.Оғай, Ж.Дайрабаев, Қ.Майгелдинов, Б.Уәли, А.Тимощенко-Боровикова, С.Сарыбай, Д.Тұрлыханов, А.Лодочников, С. Құранбек, Е.Суларов шығарылды», делінген Ақорда хабарламасында.

Қазіргі таңда көктемде Атырау облысында өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.