Денсаулық • 17 Қаңтар, 2024

Қан тапсыру – қайырлы іс

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауыл» партиясының Жастар қанаты 16 қаңтарда барлық өңірде «Мен – донормын» атты әлеуметтік жалпыреспубликалық акция ұйымдастырды.

Қан тапсыру – қайырлы іс

ФОТО: massaget.kz

Акцияның басты мақсаты – мил­лиондаған адамның өмірін сақ­тап қалуға мүмкіндік беретін қан мен оның компоненттері қорын тол­тыруға сеп болу, емдеу меке­мелерін қауіпсіз қан компоненттерінің қа­жетті көлемімен қамтамасыз ету үшін халық арасында өтеусіз ерікті қан донорлығын насихаттау.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, донорлықты дамытуға барлық дең­гейдегі мемлекеттік орган, қоғам­дық ұйым мен бірлестік, жұмыс беруші, БАҚ, діни, білім беру және басқа да ұйымдар қатысуға тиіс.

Сонымен, Астанада «Ауыл» пар­тиясының Орталық аппараты мен Жастар қанатының 30-ға жуық мү­шесі және аймақтарда 20 өңірлік филиалдың 400-ден аса мүшесі бір мезетте жергілікті орталықтарда қан тапсырды.

Қан орталығы мамандарының айтуынша, тек Астананың өзінде 20 аурухана қанмен қамтамасыз етілуі керек. «Ауыл» партиясының 20 филиалы ұйымшылдықпен атсалысқан бүгінгі акция осы үдеден шыға білді.

Партияның акция өткізіп, халық арасында донорлықты насихаттауы өскелең ұрпақты мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеуге, донорлықтың маңызын саналы түрде түсіндіруге бағытталған. 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше