Халық • 16 Қаңтар, 2024

Жақсылық жүрген жерде таршылық болмайды

68 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елордалық еріктілер зейнеткерлердің ауласының қарын күреп, қолғабыс етті. Осылайша, жастар «Игі істер марафоны» дәстүрлі акциясын өткізіп жатыр. Игі істің басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж жандарға барынша жәрдем беру.

Жақсылық жүрген жерде таршылық болмайды

Еріктілер Астананың барлық 5 ауданын қамтуды жоспарлап отыр. Жыл басынан бері қала бо­йынша 30-ға жуық жеке сектор ауласы қардан тазартылыпты. Оған қоса қоғам жанашырлары халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуды дәстүрге айналдырған. Егде жастағы азаматтарға отын жаруға да көмектесіп жүр.

«Жігіттер өте жақсы. Үйіліп және қатып қалған қарды тазалау бізге өте қиын. Осы жасымда оны жасай алмас едім. Аулаға шығуым мұңға айналып еді. Жастар келіп, жолымды қардан тазартып берді. Осындай тәрбиелі жастарымыз өсіп келе жатқанына қуанамын. Ауламның тазалығы ғана емес, еріктілердің позитивтілігі мен энергиясы да ұнайды», деді Алматы ауданының тұрғыны Лидия Логвинова.

Сондай-ақ белсенділер қы­­тымыр қыста, күн-түн демей қа­лың қарды тазалап, қа­ла­да­ғы жол қозғалысының қолай­лы­лы­ғына сеп болып жүрген арнайы коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай да үлестірді.

«Игілігі мол дәстүр қала тұр­ғындарын әрдайым қуанышқа бөлейді. Аязды күні ыстық шай адамның бойына жылу беріп қана қоймай, жүрегінен жылуы төгі­ліп тұрған мейірімді жандардың бар екенін білдіреді. Негізі акция жыл бойы жалғасады. Іс-шараға «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жанында волонтерлер қозғалысын дамыту бөлімі жауапты. Бөлімнің негізгі міндеті – жастарды қаланың әлеу­меттік өміріне тарту. Сон­дықтан волонтерлер тұрақты негізде волонтерлік қызметтің әртүрлі бағыттарына қатысады. «Астана жастары» ЖРО базасында төртінші жыл Волонтерлер жылы шеңберінде және 2021-2023 жылдары волонтерлікті да­мытудың Жол картасын орындау шеңберінде волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарды шо­­ғырландыруды ұйымдас­ты­ру, ақпараттық және ресурстық көмек көрсету, қалада іс-шара­ларды есепке алуды жүргізу, күш-жігерді біріктіру, дербес қоз­ғалыстар санын ұлғайту үшін Қалалық волонтерлер штабы жұ­мыс істейді. Тұрақты негізде 30 волонтерлік ұйыммен және 20 бастамашыл топпен, 4 ҮЕҰ-мен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында, кәсіпорындар мен қала меценаттарымен ынты­мақтастық және бірлескен қызмет жүргізіледі. Штабта 6 мыңнан астам белсенді волонтер бар», деді Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ-нің волонтерлер қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Айзат Әли.

Айта кетейік, өткен жылы во­­лонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол карта­­­сын іске асыру жұмыстары аяқ­­­тал­ды. Нәтижесінде, волон­тер­­­­лік ұйымдардың саны 3 есеге артты. Мәдениет және ақпарат ­ми­нистр­лігінің мәліметінше, во­лон­терлік инфрақұрылымды да­мы­ту бағытында республикалық және 20 өңірлік фронт-офис жұ­мыс іс­тейді. Сондай-ақ Qazvolunteer.kz онлайн платформасы іске қо­сы­­лып, онда бүгінде 60 мыңнан аса­ белсенді волонтер тіркелген. 150-ден астам волонтерлік жоба және 700-ден аса волонтерлік бас­тама іске асты. Сондай-ақ азаматтарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруға бағыт­талған «Волонтерлік қызмет туралы» заңға түзетулер енгізілді.

Енді елімізде волонтерлікті да­­мыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды. Құжатты әзірлеуге республиканың 20 өңірінен 500-ден аса адам қатысты. Бастама шеңберінде 200-ден астам ұсыныс түскен.