Аймақтар • 14 Қаңтар, 2024

Үлескерлер үйлерін ала алмай жүр

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тұрғын үй құрылыс компанияларына қаражат салған 540 ақтөбелік үлескер бірнеше жылдан бері пәтерлеріне қол жеткізе алмай келеді. Бұл істе жұрттың 3,5 млрд теңгесін иеленген 11 компанияның кінәсі бар.

Үлескерлер үйлерін ала алмай жүр

фото: inbusiness.kz

Алданған үлескерлер арасында кең де жайлы пәтерге тезірек қол жеткізу үшін жалғыз баспана­сын, көлігін сатып, содан бері пәтер жалдап жүргендер де бар. Қо­лындағы қаржысы жетпеген соң құрылыс компанияларының жар­на­масына сеніп, банктерден пайыз­дық мөлшерлемесі жоғары несие алып қаржы қосқандар да бар.

Өңірдегі әлеуметтік жан­жалға әкеле жатқан күрделі мәселені жергілікті билік бюджет және инвесторлар қаражатын тарту арқылы шешуді жоспарлауға кірісті. Ең алдымен, жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдары өкілдерінен құралған ведомствоаралық топ құрылып, жосықсыз құрылыс компаниялары ісімен құқық қорғау органдары айналыса бас­тады. Қазіргі кезде жұрттың қаржысын жоқ қылған бес серік­тестік басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалса, алты тұрғын үй құрылысына байланысты іс сотқа жолданды.

«Әртүрлі себеппен құры­лысты кешіктірген 11 жосықсыз ком­п­а­нияның үстінен құқық қор­ғау органдары әкімшілік және қыл­мыстық іс қозғады. Бізге бел­гілі болғаны, алты тұрғын үй ке­ше­ніне салынған үлескерлер қар­жысын құры­лысқа емес, басқа мақ­саттарға жұмсаған. Жосықсыз мер­дігерлер арасында бір адамға тиесілі пәтерді бірнеше адамға қайта сатқан құрылыс иелері де бар. Үлескерлер қалайда бас­па­наларын алуға тиіс. Осы мақсатта алты тұрғын үй кешені құрылысына инвестор іздеп отырмыз», дейді үлескерлік құрылыстарды реттеу үшін құрылған «Ақтөбе құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы Нағымжан Алдияров.

«Үлескерлік құрылыс бойынша сотқа жолданған әкімшілік және қылмыстық істердің шешімі шыққан соң аяқталмаған, салын­баған, жартылай аяқталған тұрғын үй нысандарына сараптама жүргізіліп, содан кейін құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттары жасалады. Жасыратыны жоқ, осы күні даулы құрылыстарға инвестор табу оңай емес. Олар қосымша пайда таппайтын болса, бұл жаққа аттап бас­пайды. Үлескерлік құрылысты аяқтайтындардың қызығушылығын туғызу үшін қосымша жер телімдерін беруді жоспарладық. Тағы бір жолы – бұрын бес қабатты етіп жоспарланған көппәтерлі құры­лыс­ты тоғыз қабатты етіп қайта жоба­лаймыз. Оның құры­­лысы аяқталған соң бес қабатындағы пәтерлер үлес­кер­лерге берілсе, қалғанын компания сатылымға шығарып, ш­ы­ғын­дарын жаба алады», дейді Ақтө­бе қаласының әкімі Азамат Бекет.

Үлескерлік құрылысты аяқ­тай­тын «Ақтөбе құрылыс компаниясы» серіктестігі Астанадағы «Елорда құрылыс компания­сы» ЖШС тәжі­ри­бесімен құрылған. Әзірше Ақтөбедегі 540 үлескердің баспанасын аяқтауға жергілікті бюджеттен қанша қаржы бөлінгені белгісіз.

 

Ақтөбе облысы