Аймақтар • 12 Қаңтар, 2024

Риддер тұрғындары сусыз қалды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

55 мыңнан аса тұрғыны бар Риддер қаласы сусыз қалды. Шаһар тіршілік нәрін алып отырған Громотуха өзеніне қар көшкіні түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддер тұрғындары сусыз қалды

фото: pixabay

Салдарынан жергілікті гидро-электр стансасына келетін судың мөлшері мүлде азайып кетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Қаладағы кейбір шағын аудандарда кешеден бері су мүлде жоқ. Ал орталықтағы көпқабатты үйлер мен жекелеген нысандарда бар. Оның өзінде қысым өте төмен. Жалпы Риддерге су қала сыртындағы гидро-электр арқылы жеткізіледі. Алайда Громотуха өзеніне түскен қар көшкіні судың жолын бөгеп тастаған.

Кешеден бері өзен арнасын коммуналдық мекеме мамандары сумен шайып жатыр. Ал қар көшкіні 45 шақырым алыста құлағандықтан, қалың қардан оған бару мүмкін емес. Қала мүлде сусыз қалмас үшін кешеден бері осы салаға жауапты мамандар жерасты арқылы берілетін су тоспасын іске қосуға әрекеттеніп жатыр. Бірақ ол қанша уақыт алатыны белгісіз.

Бүгін Риддердегі орта мектептерде сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025