Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың қаңтары Алматы тұрғындары үшін өте жылы және қарсыз болды. Фотограф Дмитрий Доценко қыс мезгіліндегі көктемгі гүлдердің суреттерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді

Видеоны фотограф өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Қыс ортасы. 9 қаңтарда Алматыда бәйшешек гүлдеді. Мен желтоқсанда гүлдердің бүр жарып жатқанын түсіргенмін, олар қаңтарда гүлдеді. Әдетте олар ақпан айында гүлдеуші еді», деп жазды фотограф. 

Сондай-ақ ол Алматының таңғажайып қала екенін атап өтті.

«Гүлдер бізді қыс бойы қуантқалы отыр. Тау бөктерінде Алатау шафраны, ал қала маңындағы бақтарда галантустар пайда болды. Алматы − ғажайып қала», деп жазды Д.Доценко.