Қоғам • 09 Қаңтар, 2024

Қомақты қаржы талап еткен бопсалаушылар ұсталды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында полицейлер бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қомақты қаржы талап еткен бопсалаушылар ұсталды

Фото: POLICE_of_KZ

Полицейлер Қызылорда облысының тұрғынын әлеуметтік желілерде жеке сипаттағы мәліметтерді жариялаймын деп қорқытқан бопсалаушылар тобын ұстады.

Күдіктілер деректерді жария етпеу үшін жәбірленушіден 7 млн теңге талап еткен.

«Осы факті бойынша Қызылорда облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде тәуліктік кезекшілік кезінде күдікті ретінде 34, 32, 22 жастағы облыс тұрғындары ұсталды. Айғақты зат ретінде олардан ақша, сигналдық тапанша және жалған қызметтік куәлік алынды. Қазіргі таңда жәбірленушінің намысына тиетін ақпаратты таратамын деп қорқытып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деп жазылған ақпаратта.

Қомақты қаржы бопсалаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.