Алматы • 08 Қаңтар, 2024

Жайлы жатақхана

102 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ-Британ техникалық университетінде жатақхана және спорт кешені ашылды. Тоғыз қабатты жатақханада студенттерге сапалы білім алуға қолайлы жағдай қарастырылса, шамамен 200 орынға арналған үш қабатты спорт кешенінде үстел теннисі, бокс, күрес, футзал, волейбол, баскетбол, гандбол және басқа да спорт түрлері, бұған қоса хореография сабақтарын өткізуге арналған жаттығу залдары жұмыс істейді.

Жайлы жатақхана

Университет ректоры Марат­бек­ Ғабдуллиннің айтуынша, қазіргі кезде студенттерге жағ­дай жасау мақ­са­тында игі істер жал­ғасын тауып­ жа­тыр. Осыған орай жалпы ауданы­ 14 мың шаршы метрден асатын екі жаңа ғимаратта 980 орындық жатақхана мен спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Осылайша, оқу ордасы сту­денттердің тұрғын үй қажеттілігін қам­тамасыз етіп отырған университет­тер қатарына қосылды. Жатақхана жос­парланған мерзімінде тапсырылып, құрылыс жұмыстары университеттің жеке қаражаты есебінен жүргізілген. Мердігер – BI-Group құрылыс ком­па­­ниясы. Университеттегі сту­дент­­тік басқарманың жетекшісі Диана Серікбаева жаңа жатақхана ака­де­мия­лық отбасы үшін білім, ғылым саласында­ дамуға ықпал етіп, студенттердің құтты үйіне айналатынына сенім білдірді.

Алматыда жатақхана тапшылығын азайту мақсатында былтырғы жаздан бері Жобалық кеңсе жұмыс істеп келеді. Қала әкімі Ерболат Досаев 2025 жылдың соңына дейін 12 мың, 2030 жылдың соңына дейін 20 мың орынмен қамтамасыз ететінін айтқан болатын. Қазіргі кезде жобаны қолдауға 114 әлеуетті инвестор өтініш білдіріп отыр. Қазақстан-Британ техникалық университеті осы бағытта Алматы қаласы әкімдігімен, Ғылым және жоғары білім министрлігімен тығыз байланыста. Жатақхана мәселесінің өзектілігін ескере отырып, басқа қала­дан келіп оқитын барлық студентті қам­тамасыз ету мақсатында заманауи талап­тарға сай жаңа ғимараттар салу туралы шешім қабылдаған еді.

Университеттің Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің магис­транты Симон Нутсуглоның айтуынша, жатақхананың ашылуы – уни­вер­­ситет үшін ғана емес, әлемнің түк­пір-түкпірінен келген студенттер үшін де ма­ңызды оқиға. Ал жаңа ғимарат жа­ңа идеялар мен жаңа жетістіктерге жете­­лейді.

Жатақхана корпустарында оқу, де­малыс, ас бөлмелері, 120 орындық акт залы, 70 орындық асхана, киім жуа­тын орындар, төсек-орындарды қа­был­дайтын және тапсыратын бөл­ме­лер қарас­тырылған. Сондай-ақ жедел­са­ты, бейне­бақылау камералары мен Wi-Fi қо­сыл­ған.

 

АЛМАТЫ