Ауа райы • 05 Қаңтар, 2024

5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» Қазақстан өңірлерінде 2024 жылғы 5 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғып, қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.