Үкімет • 04 Қаңтар, 2024

Кітапханалардың бірыңғай платформасы

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте электрондық кітапхана жүйесінің дамуы талқыланды. Жиынға Мәдениет және ақпарат, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, Ұлттық академиялық кітапхананың өкілдері қатысты.

Кітапханалардың бірыңғай платформасы

Бүгінде елімізде 11 мыңнан аса кітапхана түрлі ақпараттық жүйе мен каталогті қолданып келеді. Еліміздегі кітап қорын жүйелеу үшін бірыңғай авто­маттандырылған платформа жасақтау жұмысы басталды. Мамандардың сөзінше, оның арқасында оқырмандар қажетті кітапты немесе оның электронды нұсқасын оңай таба алады. Жүйені енгізу аясында барлық кітапханаға кіру мүмкіндігі қа­растырылған бірыңғай электронды оқырман билеті әзірленеді. Қолданушылар электронды Үкімет порталы арқылы тіркеліп, билетке қол жеткізбек.

Платформада кітап қорын онлайн толықтыру функциясы қарастырылған. Оны жеке баспалар да пайдалана алады: жарық көрген жаңа туындылар жүйеге енгізіліп, ақылы жазылушыларға қолжетімді болмақ. Осылайша, жеке баспалар мен авторлардың мүдделерін қорғау жоспарланған.

– Біз елдегі баспалар өкілде­рі­м­ен кездесіп, кітаптарды жа­риялау тәртібін түсіндірдік. Олар ұсынылған шарттарға келісім берді, – деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев.

Платформаны қанатқақты режімде 2024 жылы іске қосу жоспарланған. Бастапқыда ол ірі кітапханалар базасында жұмыс істей бастайды.

«Цифрлық платформа елі­міз­дегі барлық кітап қоры азаматтарға қолжетімді болуы үшін әзірленіп отыр. Ең алдымен, электронды нұсқа­ға 10 ірі кітапхана өтеді. Ал қал­­ғандары сәйкестендіру жұ­мыс­­тарын қолға алуы керек. Кі­­тап қоры толықтай сәйкес кел­ген жағдайда кітапханалар оқыр­манға арналған іздеу бағ­дар­ламасын бейімдеуге тиіс», деп атап өтті Т.Дүйсенова. 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025