Оқиға • 03 Қаңтар, 2024

Ақтөбеде жаппай төбелес кезінде екі жасөспірім көз жұмды

2246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 қаңтарға қараған түні Қызылжар ауылында орналасқан «Алмаз» дүкенінің маңында жаппай төбелес болып, салдарынан екі жасөспірім қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбеде жаппай төбелес кезінде екі жасөспірім көз жұмды

Төбелестің сырттай куәгері болған тұрғындар оқиға туралы полицияға шағым түсірген. Шақырылған жерге жедел жеткен құзырлы органдар осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2-бөлігі 1, 9, 14-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстың себебін мәлім қылды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 2 қаңтарда Instagram желісінде кәмелетке толмаған А. мен В. арасында жанжал туындап, нәтижесінде кәмелетке толмаған В. А.-ны келесі күні «Алмаз» дүкенінің маңына кездесуге шақырған», делінген Ақтөбе облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Түндегі топтық төбелес кезінде кәмелетке толмаған А. мен С. пышақталған. Олар ауруханаға жеткізілсе де  алған жарақаттарынан есін жимай көз жұмды.

Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынатыны айтылды.