Ауа райы • 29 Желтоқсан, 2023

Бүгін елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК биылғы жылдың соңғы жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады

Елдегі ауа райына Атлант циклонының шұңқыры және атмосфералық фронтальды учаскелер әсер етеді. Олардың әсерінен елімізде жауын-шашын жауып, солтүстікте, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс облыстардың таулы аймақтарында қалың қар жауады. 

Сондай-ақ бірқатар өңірде синоптиктер желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді деп болжап отыр. Елдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.