Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2023

Қар құрсауынан 300-ден астам адам құтқарылды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатты боран, жауын-шашын, көктайғақ салдарларынан республикалық, облыстық маңызы бар автожолдардағы көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелген өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары жол қызметтері мен ішкі істер органдары және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерімен бірлесіп қар құрсауынан 106 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарған. Оған қоса 223 адам, оның ішінде 4 бала эвакуцияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қар құрсауынан 300-ден астам адам құтқарылды

Фото: gov.kz

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы аумағында республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың жабық учаскелерінде қар құрсауында қалған жеңіл көліктерден 37 адам тақау маңдағы елді мекендерге жеткізілген.

Тура солай, Ақмола облысынан 13 адам және Солтүстік Қазақстан облысынан 27 адам, оның ішінде 3 бала жақын елді мекендерге жеткізілді.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында іздестірілген 2 шопан аман-есен табылған.