Байқау • 26 Желтоқсан, 2023

Ұлттық құндылықтарды дәріптеді

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы «Жас­тар» театрында «Шаш­бау­­­лым» атты ұлт­тық құн­ды­лықты дәріп­те­ген ру­хани-этно­гра­фия­лық байқау өтті. Маз­­мұн­ды іс-шараны елор­­да­дағы Са­рыарқа ауда­ны әкімдігі мен «Қа­ра ша­­ңырақ» қо­ғам­дық бір­лестігі ұйым­дас­тыр­ды.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Іс-шараның мақсаты – қ­азақ қыздарының бойындағы инабаттылық, әдептілік, әде­мілік, кішіпейілділік секілді асыл қасиеттерді дәріптеу. Байқауға бас қаладағы колледждерде оқитын ақылдары көр­кіне сай 12 бұрымды ару қа­тысты. Олар ән айтып, би билеп, қойылым көр­се­тіп, көрермендерді өз өнер­ле­­рімен тәнті етті. Са­йысқа Қа­зақ­­станның еңбек сіңір­ген қайраткері Сәуле Ме­­шіт­бай­қызы, ардагер ұстаз Қа­жы­мұрат Нәсиұлы, елор­далық Әйелдер істері және от­­­ба­сы­лық де­мографиялық сая­­сат жөнін­дегі комиссия хат­шы­сы Қарлығаш Сар­кенова бастаған белгілі тұлғалар қа­зы­лық жасады.

Сонымен ұлттық құн­дылықты дәріптеген бай­қау­дың бас жүлдесін  Л.Н.Гу­ми­лев атындағы Еура­зия ұлт­­тық уни­верситеті кол­лед­жінің студенті Ай­дана Тілеу­жан жеңіп алды. Оған атақты зергер Берік Әлі­бай­дың шәкірті әрі ұлы Зият Бе­рікұлының қолынан шық­қан таза күмістен қақталып соғылған шашбау табыс етіл­­ді. Ал бірінші орынды  «Ас­­тана Профи» қалалық шаруашылық колледжінің студенті Зере Рүстемқызы ие­ленді. Бұл аруға да Зият зергер жасаған қоңырау сыр­ға мен құс тұмсық жүзік бе­рілді. Екінші орын Сервис және туризм колледжінің студенті Аниса Құрмашева мен Техникалық колледждің сту­денті Ақбота Балабайға бұ­йырды. Үшінші орынды  «Урбан» колледжінің сту­денті Рауан Русланқызы, «Астана политех» жоғары колледжінің студенті Аягөз Набиғат және Жоғары кө­лік және коммуникация кол­леджінің сту­денті Орын­басар Рахимова өзара бөлісті. Сондай-ақ З.Мыр­за­ғұлова атындағы «Даналық» жо­ғары медициналық кол­лед­­жі­нің студенті Қарақат Пір­­ниязова «Көрермен көз­айы­мы» аталымына ие болды. Жүлдегерлердің бәрі де бағалы сыйлықтармен марапатталды.