Саясат • 26 Желтоқсан, 2023

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

1043 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақытжан Сағынтаев жаңа жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа басшысы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин ЕАЭО Жоғарғы кеңесінде мәлімдеді.

- 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің әкімшілігінде істеді, үкімет төрағасы, Қазақстанның премьер-министрі болды, - деді Ресей президенті.

Өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды. Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35