Сенат • 21 Желтоқсан, 2023

Саусақ ізін тапсыру ерікті бола ма? Сенат заң қабылдады

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саусақ ізін тапсыру ерікті бола ма? Сенат заң қабылдады

Фото: ашық дереккөз

Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Бұл құжат мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заңда «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қызметіне және дактилоскопиялық тіркеуге қатысты түзетулер де қарастырылған.

Нақты айтқанда, заң «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтеді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарын ерікті түрде дактилоскопиялық тіркеуді көздейді.

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, бұл шаралар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға мүмкіндік береді.