Сауда • 21 Желтоқсан, 2023

Сыртқы саудадағы сенімді серіктес

86 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл күнде Қытай Қазақстан сыртқы саудасының негізгі серіктесіне айналып отыр. Көрші елдің біздегі тауар айналымының үлесі алғаш рет 21,3%-ға жетті. Бұл – 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Биылғы тоғыз айда 21,7 млрд долларының тауарын алмасқан.

Сыртқы саудадағы сенімді серіктес

Егер 2017 жылы отандық тауарды шетелге сатудың жалпы көлемі са­лыс­тырмалы түрде небәрі 12% болса, қазір ол 6 % -ға өсіп, 18%-ды құрайды. Импорты да жыл санап 15,9%-дан 25,5%-ға дейін ұлғайған. Соңғы 6 жылда Қы­тай­дың Қазақстан нарығындағы басты бәсекелесі Ресей болған. Қазіргі таңда Қазақстандағы Ресейдің экспорты мен импортының жалпы көлемі 18,9 млрд долларын құрап отыр. Сауда-саттық серіктестерінің үштігіне мұнай сатып алушы ретінде тізімге Италия да (11,7 млрд доллар) енген.

Қытайдың Қазақстанмен саудадағы тағы бір жоғары көрсеткіші – биылғы жылы тауардың импорты (11,3 млрд доллар) ақшалай есептегенде алғаш рет экспорттан (10,4 млрд доллар) асып түскендігі. Енді Қытай ең алдымен еліміз үшін жеткізуші, содан кейін ғана сатып алушы деуге болады. Қытайлық жеткізушілер был­тырғы жылдың сәйкес кезеңімен са­лыс­тырғанда бірден 45%-ға өскен. Мұндай айтарлықтай өсім жеткізілімнің физи­ка­лық көлемі жағынан ғана 32,9%-ға кө­бей­­ген. Кедендік статистиканың ұсын­­ған мәліметіне қарағанда, Қытай ком­­­паниялары негізінен Қазақстаннан ши­кі­­зат сатып алуға мүдделі болды, олар­­дың көпшілігі осы жылы арзандаған. Мәсе­­лен, биыл қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Қытайға 4,4 млн тонна мұнай сатып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға артық болған. Бұлардың қатарында газ, темір рудалары мен концентраттары және ферроқорытпалар да бар. Өткен жылдан бері Қазақстан Қытайға жоғары қосылған құны бар тауарларды, соның ішінде жылу бөлуші жинақтарды жеткізе бастады. Бұл уран түйіршіктерімен тол­тырылған атом электр стансала­ры­на ар­нал­ған құрылымдар. Бірегей өн­­­­діріс Шығыс Қазақстанда Қазатом­өнер­­кәсіптің еншілес кәсіпорны – Үлбі ме­тал­лургиялық зауытының базасында жұ­мыс істейді.

Таяуда ғана Қытай тарапының шақы­руы­­мен Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Қытайдың маңызды индустриялық, инновациялық, ғылыми және білім беру орталықтарының бірі саналатын Хэфэй қаласына (Аньхой провинциясы) барып қайтты. Ол Аньхой провинциясы партия комитетінің хатшысы Хань Цзюньмен және Аньхой провинциясы халық үкіметінің төрағасы Ван Цинсяньмен келіссөздер жүргізіп, онда сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, мәдени-гуманитарлық са­ла­лардағы ынтымақтастықты одан әрі жандандырудың өзекті мәселелерін тал­­қылады. Болашақта еліміздің аймақ­та­ры мен Аньхой провинциясы арасында гуманитарлық ынтымақтастықты орна­ту жоспары қойылған. Кездесу барысында «Astana Motors» ЖШС мен қытайлық Chery International Co., Ltd автомобиль өндіру­ші­лер ара­сын­дағы ынтымақтастық туралы ме­мо­ран­думға қол қойды. Құжат жоға­ры­­да аталған негіздерге сәйкес, екі елдің кә­сіпорындары арасында Алматы қала­­сы­ның индустриалды аймағында автоиндустриалды паркті бірлесіп салуды және саладағы стратегиялық ынты­мақ­­тас­тықты дамытуды жоспарлап отыр.