Бокс • 15 Желтоқсан, 2023

Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалды

887 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Beeline Arena-да өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз Асланбек Шымбергенов мексикалық қарсыласына есе жіберді, деп жазады Egemen.kz

Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалды

Биылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіде мексикалық Хосе Мигель Боррегомен (20-4, КО 17) жұдырық түйістірді. 

4 раундтың соңғы секундтарында жерлесіміз нокаутқа түсіп қалды. 

Асланбек Шымбергенов есін жиып, жұдырықтасуға кіріскен боксшылардың жекпе-жегін Мырзағали Айтжановтың шаршы алаңға тастаған белгісі тоқтатты. 

Осылайша бапкер Асланбек Шымбергеновтың алдағы денсаулық жағдайын ескере отырып, кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.