Тағайындау • 14 Желтоқсан, 2023

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының директоры тағайындалды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен жаңадан құрылған «Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС директоры болып Дәулет Сәрсенбаев тағайындалды, деп жазады Egemen.kz

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының директоры тағайындалды

Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды.

Бұл ғылыми орталық ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС мен «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС бірігу жолымен құрылды.

Генерал-майор Ерлан Нұрпейісов ғылыми орталықтың жаңадан тағайындалған басшысына және ТЖМ аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына халықтың және елдің сейсмикалық қауіпті өңірлерінің аумағының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер сілкінісі қаупі туралы ерте хабарлау деңгейін арттыру, сондай-ақ сейсмикаға төзімді құрылысты бақылауды күшейту бойынша іс-шараларды іске асыру туралы нақты тапсырмалар жүктеді.