Спорт • 11 Желтоқсан, 2023

Алматыда дипломаттар доп тепті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің бастамасымен Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне орай шағын футболдан дипломатиялық турнир ұйымдастырылды. Жарыс «Қайрат» футзал клубының аренасында өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда дипломаттар доп тепті

Турнирге тоғыз команда, оның ішінде Еуропалық Одақ елдерінің (Франция, Мажарстан), Әзербайжан, Қытай, Корея, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, АҚШ және Өзбекстан елдері Бас консулдықтарының дипломаттары, сондай-ақ БҰҰ және Алматы дипломатиялық клубының құрамалары қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов және оңтүстік астанада аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшылары құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар дипломатиялық миссиялардың қызметкерлері мен отбасы мүшелері өз командаларын қолдауға келді.

Жүлделі орындар үшін қызу күрес барысында ойыншылар тамаша командалық бірлік, кәсіпқойлықты және жауынгерлік рух көрсетті. Футбол турнирінің соңында барлық командаға сыйлықтар, естелік кубоктар мен грамоталар табыс етілді. Дипломатиялық корпусты достық пен спорттық мереке атмосферасы біріктірді.

аа