Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023

Ұлттық жоба жұмыссыздықты азайта ма?

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, жұмыс орындарын арттыру бағытында елімізде ұлттық жоба жүзеге асырылып келеді. 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобаның тиімділігі туралы    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ұлттық жоба жұмыссыздықты  азайта ма?

Фото: gov.kz

1 желтоқсандағы  жағдаймен саралағанда   ұлттық жобаға 686,2 мың адам қатысқан.  488,2 мың адам жұмысқа орналасты, оның 292,3 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Субсидияланатын жұмыс орындарына 195,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 17,3 мың адам, жастар практикасымен 32,9 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 120,6 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,5  мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 485 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 15,1 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 45,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 41,2 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 131,9 мың адам қамтылды, оның ішінде 98,3 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Қызмет саласын таңдау мақсатында 134,1 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті», делінген ақпаратта.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 1 миллион 380  мың теңге көлеміндегі грант бөлу де қарқынды жүргізілген. Биылғы жылға 9 мың грант бөлу көзделсе, 11 айдың ішінде бизнес-бастамаларын іске асыру үшін 9102 грант берілген.