Ауа райы • 10 Желтоқсан, 2023

11 желтоқсан күні бірінші ауысымдағы Астана оқушылары қашықтан оқиды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең, 11 желтоқсан күні Астана қаласының бірінші ауысымда білім алып жүрген оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

11 желтоқсан күні бірінші ауысымдағы Астана оқушылары қашықтан оқиды

«2023 жылдың 11 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», деп мәлімде елордалық білім басқармасынан.

Айта кетейік, 11 желтоқсан, дүйсенбі күні еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер Астана қаласында ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді деп болжады.