Спорт • 09 Желтоқсан, 2023

Паралимпиадалық боччадан жарыс жеңімпаздары марапатталды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев боччадан ел Кубогі сарапқа салынған жарыстың жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Паралимпиадалық боччадан жарыс жеңімпаздары марапатталды

Фото: Н.Байбулин.

Құттықтау сөзінде Мәулен Әшімбаев жарыстың жоғары деңгейде өткенін және ерекше спортшылардың шеберліктері мен табандылықтарын айрықша атап өтті. Сондай-ақ бочча федерациясының қызметін қорытындылап, алдағы жұмыс жоспарына тоқталды.

«Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Келесі жылы бірқатар іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Алғаш рет боччадан ұлттық жасөспірімдер құрамасын жасақтаймыз. Туризм және спорт министрлігінің және демеушілердің қолдауымен келесі жылы ел чемпионаты, республика Кубогі, Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған ашық турнир сияқты аз дегенде үш ірі республикалық жарыс ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Одан бөлек, ұлттық құрамамыз бірқатар халықаралық додаларға қатысады», деген Мәулен Әшімбаев жарысқа қатысушыларға және параспортшыларға қолдау көрсеткен жаттықтырушылар мен ата-аналарға алғыс білдірді.

Айта кетсек, боччадан ҚР-ның Кубогі үшін жарыс желтоқсанның 8-9 күндері өтіп, елордада Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында еліміздің 10 өңірінің 64 спортшысы сайысты. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15