Сенат • 07 Желтоқсан, 2023

Электр желілері тозып тұр – депутат

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат отырысында депутат Советбек Медебаев Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап,  елдегі электр желілерінің тозығы жеткенін сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Электр желілері тозып тұр – депутат

Фото: senate.parlam.kz

Сенатор электр энергиясы еліміздің экономикалық дамуына серпін беретінін жеткізді.   

«Электр желілерінің көп бөлігі 1970 жылдары салынған. 2002-2019 ұлттық электр желісін жаңғыртуға бағытталған жобалалар іске асырылды. Бастапқы жабдықтардың тозу деңгейінің төмендегені байқалады. Бүгінгі күнде орта есеппен алғанда 66%-дан астамы тозығы жетіп отыр. Мәселен Ұлытау облысы, Ұлытау ауданындағы жалпы ұзындығы 356 шақырым желісінің 70-80%-ы тозып тұр. Қаражал, Жәйремдегі электр желісінің де 65%-ы тозған. Күрделі жөндеу бірнеше жылдан бері көрмеген. Ұлттық экономика министрлігі жергілікті атқарушы органдарымен бірге сенімгерлік басқаруға ұсына отырып, желілерді коммуналдық меншікке беруді  әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізді. Энергия таратушы ұйым саны 162-ден 133 ұйымға қысқарды. Энергия жеткізуші ұйымдардың басым көпшілігі жеке меншікте. Олар бюджет қаржысы есебінен салынған электр желілерін, иесіз электр желілерді және құрылыс салған жерлерді қабылдауға мүдделі емес.

Өңірлерде  электр желілерін беруде проблема жеткілікті. Атап айтқанда, әкімдіктер сот иесіз деп таныған және коммуналдық меншікке түскен электр желілерін бұдан былай энергия беруші ұйымдардың қарамағына беру жөнінде жеткілікті жұмыс жүргізбейді», деді С.Медебаев.  

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25