Спорт • 02 Желтоқсан, 2023

Аманғали Бекболатов әлем чемпионы атанды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен әскерилер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аманғали Бекболатов әлем чемпионы атанды

sportarena.kz

Елімізден барған балуандар арасынан   Аманғали Бекболатов 55 келі салмақта грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. Финалдық белдесуде Аманғали Иран елінің балуанын  ұтты. Қыздар сынында  Айнұр Әшімова (57 келі) мен Ирина Кузнецова (62 келі) күміс медальді місе тұтты.

Еркін күрес балуандары әскерилер арасындағы әлем чемпионатынан 1 күміс, 4 қола медальмен олжалады. 79 келі салмақта күрескен  Рүстем Мырзағалиев финалдық белдесуде Әзербайжан балуанына есе жіберді. Әлем чемпионатының қола медалі   Дәулет Теміржанов (57 келі), Әділ Оспанов (65 келі), Мейіржан Әшіров (70 келі), Нұрсұлтан Азовқа (125 келі) бұйырды.

Күрес түрлерінен әскерилер арасында  әлем чемпионатының алтынын  осы күнге дейін екі балуанымыз ғана еншіледі.  2013 жылы грек-рим күресінен Бағлан Жақанша 60 келіде, 2014 жылы Ғалымжан Өсербаев еркін күрестен 74 келіде алтын медаль олжалаған болатын.