Парламент • 28 Қараша, 2023

Сенатта алаяқтардың несие ресімдеуіне жол бермейтін заң қаралды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық активтерге қатысты заңды талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Сенатта алаяқтардың несие ресімдеуіне жол бермейтін заң қаралды

Заң дербес деректерді қорғауды күшейтуге және цифрлық ақша табу қызметін реттеудегі құқықтық олқылықты жоюға бағытталып отыр. Адамдарды алаяқтардың әрекетінен қорғау мақсатында оларға банктік қарыз бен микрокредит алудан ерікті түрде бас тарту құқығы беріледі.

Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңа тетіктерді енгізу, майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны қолданудан айыру, тоқтата тұру, қайта бастау рәсімін енгізу көзделеді.

Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.