Спорт • 27 Қараша, 2023

Каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Sadu Arena» спорт кешенінде 33 елден 700-ге жуық спортшы қатысқан киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті

Фото: drs_kz

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер арасындағы «ката» және «кумитэ» бәсекелерін қосып есептегенде 29 алтын, 25 күміс, 61 қола, барлығы 115 медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды.

Келесі әлем чемпионаты Жапония елінде 2025 жылы өтеді.