Қазақстан • 25 Қараша, 2023

Еліміздің ең үлкен туы: Ашылу рәсімі өтті

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Maqsut Narikbayev University бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен шараға Асхат Аймағамбетов, Айдарбек Ходжаназаров, Ләйлә Сұлтанқызы, Елнұр Бейсембаев және тағы  басқа танымал тұлғалар қонақ болып қатысты.

Еліміздің ең үлкен туы: Ашылу рәсімі өтті

Фото

Рәсім 1994 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді, аталған шара университетке жаңа студенттерді қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді. Биылғы салтанатты шара университеттің келер жылы тойланатын 30 жылдығына орайластырып, «30 жыл - бұл тек бастама» деген атаумен өткізілді.

Сондай-ақ кеш бағдарламасы аясында – Қазақстанның ең үлкен туының ашылу рәсімі өтті. Жібектен тоқылған тудың ауданы 80 шаршы метрді құраса, салмағы 60 келіге жуық болды. Аталған шараның хедлайнері ретінде эстрада жұлдыздары – Қайрат Нұртас пен Дастан Оразбеков көрермендер алдында өнер көрсетті. Ауқымды шараға бес мыңнан астам адам қатысты.

Шара барысында университеттің жоғары мектептері әлеуметтік жоба мен театрлық қойылым бойынша өзара сайысқа түсті. Әділ қазылар алқасының құрамында Арай Әлімхан, Әсел Ақпар, Amre, Дина Тәженова, Дина Сансызбаева сынды танымал тұлғалар болды. Жеңген команда ұрпақтан ұрпаққа табысталып келе жатқан кубокты иеленді. Айта кетсек, студенттер бұл іс-шараға үш ай бойы дайындалған.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше