Спорт • 23 Қараша, 2023

Астанада алғаш рет пара каратэден әлем чемпионаты өтеді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында  пара каратэден инклюзивті әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz  Пара каратэ федерациясына сүйеніп.

Астанада алғаш рет пара каратэден әлем чемпионаты өтеді

para_karate_kazakhstan

Спорттың осы түрінен әлемдік сайысты Астана қаласы алғаш рет қабылдап отыр. Бірнеше мемлекеттен келетін 300-ге жуық пара каратэ спортының шеберлері  додаға түсетін сайысқа қатысушылар 7-65 жас аралағында. Әлем чемпионаты Әлем біріншілігі Туризм және Cпорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Пара каратэ федерациясы мен Астана қаласы әкімдігінің «БЖСМ, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің» қолдауымен  өтеді.

Тірек – қимыл аппараты, көру мүшесі  зақымданған, сонымен қатар интеллектуалды даму деңгейі төмен спортшылардың додасы «Билайн арена» кешенінде болады. «Бұл жарыстың басты ерекшелігі – дене мүмкіндігінде даму ерекшеліктері бар адамдардың  белсенділігін оятып,  қоғамдық өмірге тарту, сонымен қатар спортшының дарындылығын дамыту, өздерінің әлеуетін дәлелдеуге мүмкіндік туғызу», деді Пара каратэ федерациясының президенті Мейрамгүл Дүкиева.