Футбол • 22 Қараша, 2023

Грекия мен Қазақстан арасындағы матч Афинада өтеді

2266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекия мен Қазақстан құрамалары 2024 жылдың 21 наурызында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кезеңінде ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.  

Грекия мен Қазақстан арасындағы матч Афинада өтеді

Грек ақпарат құралдарының хабарлауынша, ойын Афинадағы «OPAP Arena» стадионында өтеді. Стадионға 31 мыңнан астам адам сыяды, жабын түрі - табиғи шөп.

Құрлық біріншілігінің финалдық кезеңіне соңғы үш жолдаманы сарапқа салатын шағын турнирге 12 команда қатысады.

Плей-оффқа қатысушылар 2022-2023 жылғы Ұлттар лигасының нәтижелері бойынша анықталады (А, В және С лигаларындағы топ жеңімпаздары немесе олардан кейінгі командалар).

Айта кетейік, жартылай финалда Грузия мен Люксембург құрамалары күш сынасады. Финал 26 наурызда өтіп, жеңімпаз 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатында ойнау құқығына ие болады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы шешуші матчта Словениядан сырт алаңда жеңіліп, Еуро-2024-ке тікелей жолдама ала алмаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше