Елорда • 21 Қараша, 2023

Астанада тағы бір автобус бағыты іске қосылады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қарашада Астанада № 84 жаңа автобус бағыт іске қосылады. Ол «Дәстүр» тұрғын үй кешені мен «Қ.Рысқұлбеков көшесі» арасын жалғайды, деп хабарлайды Egemen.kz CTS-ке сілтеме жасап.

Астанада тағы бір автобус бағыты іске қосылады

Маршрутқа 10 автобус қызмет көрсетеді. Олар Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы қатынайтын болады. Осылайша, елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасы жақсарады.

Сондай-ақ бұл «Дәстүр» ТК мен Қ.Рысқұлбеков көшелерінің арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ұлы дала, Р.Қошқарбаев даңғылдарында, Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынов, Қ.Рысқұлбеков көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді арттырады. Қолданыстағы мына маршруттардың жүктемесін азайтады: № 14, 32, 49, 50, 56.

Айта кету керек, бұл Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы іске қосылған 2-ші бағыт және биыл іске қосылған 7-ші жаңа бағыт.

Осыған дейін № 27, 49, 56, 66 және қала маңындағы № 328, 329 маршруттар іске қосылған еді.