Ауыр атлетика • 20 Қараша, 2023

Едіге ерледі

29 рет
көрсетілді

Ауыр атлетикадан Мексиканың Гва­далахара қаласында жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрама командасының қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Едіге ерледі

81 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Едіге Емберді асқан шеберлік танытып, ацтектер елінде еліміздің әнұранын шырқатты. Әуелі ол 145 кг зілтемірді жұлқып көтерсе, серпе көтеруде 191 килограмды еңсерді. Қоссайыстың қорытындысы – 336 кг. Бір айта кетерлігі, жаттығудың алғашқы түрінен кейін Емберді тоғызыншы орынға тұрақтаған еді. Сол кезде оның жүлделі орын үшін таласатынына ешкім сенбеді. Десек те қазақтың қайсар ұлы екінші жаттығуда жанын салып, қарсыластарының барлығын шаң қаптырып кетті. Серпе көтеруде ешкім оны маңайлай алған да жоқ. Сөйтіп, Едіге жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Күміс медальді түрікменстандық Ғайғы­сыз Торев иеленді. Ол қандасымыздан бір кг ғана кем көтерді. Қола жүлдені грузиялық Саба Асанидзе иеленді. Оның нәтижесі – 333 (149+184) кг.

 

Соңғы жаңалықтар

Айтып келген апат

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Құндылықтар – ұлт қорғаны

Пікір • Бүгін, 22:10

Қос астана дуэті

Театр • Бүгін, 22:00

Кері тартқанды бері тарт

Пікір • Бүгін, 21:53

Жұқпалы дерттен қорғанудың амалы

Денсаулық • Бүгін, 21:45