Қоғам • 20 Қараша, 2023

Қару кезеніп қорқытқан ақша бопсалаушы ұсталды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының  қызметкерлері Өскемен қаласының тұрғынын  адам бопсалағаны үшін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның  баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Қару кезеніп қорқытқан ақша бопсалаушы ұсталды

Фото: polisia.kz

«Профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері 21 жастағы азаматтан 100 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты бопсалау фактісін анықтаған. Хабарлама келіп түскеннен кейін полицейлер дереу тексеруге кірісті. Барлық жедел-іздестіру іс-шара кешенін өткізгеннен кейін, ақшалай қаражатты алу кезінде Назарбаев даңғылындағы аулалардың бірінде қылмыс жасаған 20 жастағы күдікті ұсталды. Оқиға орнында тәртіп сақшылары оның заңсыз әрекетін растайтын заттай айғақтар – ақшаны тәркіледі», делінген ақпаратта.

Күдікті жәбірленушімен бірнеше мәрте жолығып, қару кезеніп қорқыту арқылы  ақша талап еткен.  Кепілзат ретінде жеке куәлігін де алып кеткен. Жедел уәкілдер қаруды күдіктінің туысынан тәркілеген. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бопсалаушы 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.