Қоғам • 19 Қараша, 2023

Республикалық жолдардағы көлік қозғалысына салынған шектеу алынды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы республикалық жолдардағы көлік қозғалысына салынған шектеу алынып тасталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Республикалық жолдардағы көлік қозғалысына салынған шектеу алынды

«Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашық. Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын септі», делінген хабарламада.

Айта кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде, СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарындағы 27 жол учаскесі жабық болды. Желіде 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыс істеді.