Ауа райы • 19 Қараша, 2023

Астанада қатты желден құлаған қоршау әйелді басып қалды

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Mega SilkWay сауда орталығы жанында қатты желдің екпінінен қоршау құлады. Салдарынан бір әйел №2 көпсалалы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада қатты желден құлаған қоршау әйелді басып қалды

Ал төтенше оқиғаның бейнежазбасы Astanovka98 telegram-арнасында жарияланды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі баннерді Mega SilkWay сауда орталығы орнатқанын мәлімдеді.

"Қатты жел салдарынан баннер мен оның пластикалық жақтауы ұшып кеткен. Нәтижесінде 1954 жылы туған азамат жарақат алды, оның кеуде және шынтақ буындары көгерген. Тұрғын №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қоршауға ілінген баннерлер кесіліп, алынып тасталды, өйткені олар ісініп, қоршауды құлатқан", - деп жазды ведомство.

Аудан әкімдігі астаналықтарды жарнамалық құрылымдарға, афишаларға жақын жерде абай болуға және мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырды.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде қатты желден аударылған көліктер мен құлаған қасбеттердің фотосуреттері жариялануда.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15